Center Image
IHSAN.KZ
«Дархан дала» жобасы аясында табиғат аясында тағылымды кездесу өтті
«Дархан дала» жобасы аясында табиғат аясында тағылымды кездесу өтті

«Дархан дала» жобасы аясында Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Байқадам ауылы Ғыйзат қажы мешітінің шәкірттері табиғат аясында бас қосып, рухани әрі спорттық іс-шараларға қатысты.

Таза ауадағы кездесудің мақсаты – шәкірттердің өзара достығын нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды дәріптеу болды. Бағдарлама аясында қатысушылар түрлі спорттық ойындар мен эстафеталарға қатысып, белсенділік танытты. Сонымен қатар, танымдық тапсырмалар орындалып, шәкірттердің білімін шыңдауға бағытталған қызықты сайыстар ұйымдастырылды.

Шара барысында ұлттық тәрбие, отансүйгіштік, бірлік пен бауырмалдықтың маңызы жөнінде тағылымды әңгімелер айтылып, жастарға ізгі насихат берілді.

Осындай мазмұнды кездесулер шәкірттердің рухани тәрбиесін нығайтып қана қоймай, олардың ұйымшылдығын арттырып, бос уақытын пайдалы әрі мазмұнды өткізуіне үлкен мүмкіндік береді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz