Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Байқадам ауылы Ғыйзат қажы мешітінде жамағатқа арналған күнделікті хадис дәрістері тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.
Дәрістер Имам ән-Нәуәуидің әйгілі «Риядус-Салихин» хадистер жинағы негізінде жүргізіліп, Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өсиеттері мен өнегелі хадистері кеңінен түсіндірілуде.
Дәріс барысында хадистердің мағынасы мен өмірдегі қолданылуы жан-жақты баяндалып, мұсылманның көркем мінезі, ықыласы, сабыры, шүкіршілігі, бауырмалдық пен ізгі амалдардың артықшылығы туралы насихат айтылады. Сонымен қатар, жамағат көкейіндегі діни сауалдарына жауап алып, рухани білімдерін толықтыруға мүмкіндік алуда.
Мешітте тұрақты түрде ұйымдастырылатын мұндай хадис дәрістері жамағаттың діни сауатын арттырып, Исламның асыл құндылықтарын тереңірек түсінуге және күнделікті өмірде амал етуге зор үлес қосуда.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы