Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінде жамағатқа «Уақып – сарқылмас сауап» тақырыбында насихат айтылды.
Насихатты мешіт имамы Рауан Төлеубекұлы жүргізіп, исламдағы уақыптың мәні мен қоғамдағы маңызына кеңінен тоқталды. Уақыптың – адамдарға ұзақ уақыт бойы пайдасын тигізетін, сауабы үзілмейтін ізгі амалдардың бірі екенін айтып, мұсылмандарды қайырымдылық пен игі іске үлес қосуға үндеді.
Сонымен қатар, уағыз барысында ҚМДБ жанындағы Уақып қорының жүзеге асырып жатқан игі жобалары таныстырылып, жамағатқа сауапты іске атсалысудың маңыздылығы түсіндірілді.
Шара соңында жамағат көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алып, ұйымдастырылған тағылымды насихат үшін алғыстарын білдірді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы