Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде жамағаттың діни білімін жетілдіру мақсатында «Мароқил фәләх» кітабы бойынша фиқһ дәрістері басталды.
Дәрістерді мешіт имамы Асылхан Нұртайұлы жүргізуде. Сабақ барысында «Мароқил фәләх» кітабындағы құлшылыққа қатысты фиқһ мәселелері кеңінен түсіндіріліп, дәреттің, намаздың, оразаның және күнделікті өмірде жиі кездесетін діни үкімдердің шариғаттағы орны жан-жақты баяндалуда.
Дәріс барысында жамағат көкейіндегі сұрақтарына жауап алып, фиқһ ғылымының негізгі қағидаларымен танысуда. Бұл тағылымды сабақтар мұсылмандардың құлшылықтарын дұрыс орындауына және діни сауатын арттыруға бағытталған.
Мешіт ұжымы барша жамағатты «Мароқил фәләх» кітабы бойынша өтетін дәрістерге тұрақты қатысып, діни білімін жетілдіруге шақырады.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы