Қарағанды облысына қарасты «Төле би» мешітінде ғимаратты жаңғырту және көркейту бағытындағы жөндеу жұмыстары жалғасуда.
Мешіт – мұсылман қауымы үшін тек құлшылық жасайтын орын ғана емес, рухани тәрбие мен ауызбіршіліктің, имандылық пен ізгіліктің алтын діңгегі. Осыған орай құлшылық үйінің келушілерге қолайлы әрі заманауи талаптарға сай болуы мақсатында ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі таңда мешіттің сыртқы қасбеті сапалы әрлеу материалдарымен қапталып, сәулеттік келбеті жаңартылуда. Сонымен қатар, ішкі бөлмелерде де күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынып, едені, қабырғалары мен төбесі жаңартылуда. Жарықтандыру жүйесі толықтай заманауи үлгіге ауыстырылып, жамағаттың жайлы құлшылық етуіне барлық жағдай жасалуда.
Бұл игі іс – дін жанашырлары мен қайырымды жандардың қолдауының нәтижесі. Алдағы уақытта жөндеу жұмыстары толық аяқталып, мешіт жамағат игілігіне жаңарған келбетімен қызметін жалғастырады. Алла Тағала осы сауапты іске үлес қосқан барша азаматтардың ниеттерін қабыл етіп, еңбектеріне мол сауап нәсіп етсін.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы