Теміртау қалалық мешітінің ұйымдастыруымен «Дархан дала» жобасы аясында жастар мен шәкірттердің қатысуымен табиғат аясында тағылымды кездесу өтті.
Шараның негізгі мақсаты – жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, салауатты өмір салтын насихаттау, бауырмалдық пен ауызбіршілікті нығайту, сондай-ақ ұлттық және рухани құндылықтарды дәріптеу.
Табиғат аясында өткен кездесуде түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылып, қатысушылар командалық ойындарда бақ сынады. Спорттық сайыстар жастардың белсенділігін арттырып, өзара достық қарым-қатынасын нығайтуға ықпал етті.
Шара барысында мешіт ұстаздары жастарға имандылық, ізгі мінез, бірлік пен жауапкершілік жайында тағылымды насихат айтып, бос уақытты пайдалы істерге арнаудың маңызын түсіндірді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы