Center Image
IHSAN.KZ
«Дархан дала» жобасы аясында жастарға рухани-танымдық семинар өтті
«Дархан дала» жобасы аясында жастарға рухани-танымдық семинар өтті

Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінде  ҚМДБ «Жастар ісі» секторының ұйымдастыруымен және сектор меңгерушісі Келдібек Қуатбекұлының ұйытқы болуымен «Дархан дала» жобасы аясында мешіт жастарына арналған табиғат аясындағы рухани-танымдық семинар ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты – жастардың рухани дүниесін байытып, ұлттық және діни құндылықтарды дәріптеу, өзара бауырмалдықты нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау.

Семинар барысында қатысушыларға имандылық, көркем мінез, адамгершілік және қоғамдағы жауапкершілік тақырыптарында тағылымды дәрістер оқылып, еркін форматтағы пікір алмасу алаңы ұйымдастырылды. Жастар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, діни-рухани мәселелер төңірегінде мазмұнды сұхбат құрды.

Сонымен қатар қатысушылар түрлі спорттық ойындар мен командалық жарыстарға қатысып, табиғат аясында белсенді демалып, өзара достық қарым-қатынасты нығайтты. Мұндай шаралар жастардың ұйымшылдығын арттырып, бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік береді.

Осындай игі бастамалар жас буынның рухани тәрбиесін күшейтіп, елге, дінге және ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырумен қатар, қоғамда ауызбіршілік пен татулықтың нығаюына оң ықпал етеді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz