Center Image
IHSAN.KZ
«Хазірет Али» мешітінде жат ағымның зияны мен мазһаб ұстанудың маңызы түсіндірілді
«Хазірет Али» мешітінде жат ағымның зияны мен мазһаб ұстанудың маңызы түсіндірілді

Қарағанды қалалық «Хазірет Али» мешітінде жамағатқа «Жат ағымның зияны және мазһаб ұстанудың маңызы» тақырыбында уағыз-насихат айтылды.

Уағыз барысында жамағатқа дәстүрлі Ислам құндылықтарын берік ұстанудың маңыздылығы, ата-бабамыздың сан ғасырлық рухани жолы – Әбу Ханифа мәзһабы мен Матуриди сенім мектебінің ерекшеліктері жан-жақты түсіндірілді.

Сондай-ақ жат ағымдардың қоғам мен отбасы бірлігіне тигізетін кері әсері, олардың діни мәселелерде адасушылыққа алып келетін тұстары кеңінен баяндалып, мұсылманның сенімді діни білімді білікті ұстаздардан алып, ресми діни басқарма ұстанған бағытты басшылыққа алуының маңызы ерекше атап өтілді.

Шара соңында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, ел бірлігі мен рухани тұтастықты сақтау – әрбір мұсылманның ортақ міндеті екені насихатталды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz