Center Image
IHSAN.KZ
Жат діни ағымдардан сақтану – әрбір мұсылманның міндеті
Жат діни ағымдардан сақтану – әрбір мұсылманның міндеті

Осакаровка аудандық мешітінің имамы Құдайберген Серікұлы мешіт жастарымен кездесіп, «Жат діни ағымдардан сақтану және мәзһаб ұстанудың маңыздылығы» тақырыбында танымдық насихат жүргізді.

Кездесу барысында имам қазіргі қоғамда кездесетін жат діни ағымдардың белгілері мен олардың адам санасына, отбасы құндылықтарына және қоғамның бірлігіне тигізетін кері әсері туралы кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ жастарды діни ақпаратты тек сенімді дереккөздерден алып, дәстүрлі ислам құндылықтарын берік ұстануға шақырды.

Сонымен қатар ата-бабамыздың сан ғасырдан бері ұстанып келе жатқан ханафи мәзһабының ерекшеліктері мен оның мұсылман қауымының ауызбіршілігін сақтаудағы рөліне тоқталды. Мәзһаб ұстанудың діни мәселелерді дұрыс түсінуге, түрлі күмәнді көзқарастардан сақтануға және қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға ықпал ететіні айтылды.

Насихат соңында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап беріліп, жастар дәстүрлі діни құндылықтарды берік ұстанып, жат идеологиялардың ықпалына ермеуге шақырылды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz