Бұқар Жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінің имамы Ерлан Мамайұлы аудандағы православ шіркеуіне барып, дінаралық келісім мен өзара сыйластықты нығайту мақсатында кездесу өткізді.
Кездесу барысында қоғамдағы тұрақтылықты сақтау, түрлі дін өкілдері арасындағы өзара құрмет пен түсіністікті арттыру, сондай-ақ Қазақстандағы конфессияаралық келісімнің маңыздылығы сөз болды. Ерлан Мамайұлы дәстүрлі діндердің бейбітшілікке, мейірімділікке және ізгілікке үндейтін ортақ құндылықтарына тоқталып, татулық пен бірлікті сақтаудың қоғам үшін аса маңызды екенін атап өтті.
Жылы әрі тағылымды жағдайда өткен кездесуде тараптар өзара пікір алмасып, еліміздегі бейбітшілік пен қоғамдық келісімді нығайту бағытындағы игі бастамаларды қолдайтындарын білдірді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы