Center Image
IHSAN.KZ
Дәстүрлі діни ұстаным – адасудан қорғайды
Дәстүрлі діни ұстаным – адасудан қорғайды

Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінде жамағатқа «Жат ағымның зардабы» тақырыбында уағыз-насихат айтылды.

Уағызды мешіттің наиб имамы Дархан Түменбай жүргізіп, жат діни ағымдардың қоғамға, отбасыға және жеке тұлғаның рухани дүниесіне тигізетін кері әсерлері туралы кеңінен баяндады. Сонымен қатар дәстүрлі ислам құндылықтарын ұстанудың, ата-бабамыздың сара жолын жалғастырудың және діни білімді сенімді дереккөздерден алудың маңыздылығына ерекше тоқталды.

Насихат барысында жамағатқа діни мәселелерде сақтық танытып, күмәнді ақпараттар мен белгісіз діни топтардың ықпалына ермеу қажеттігі айтылды. Сондай-ақ ел бірлігі мен қоғамдық тұрақтылықты сақтауда дәстүрлі діннің орны ерекше екені түсіндірілді.

Уағыз соңында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, көпшілікті рухани бірлікке, ізгілікке және дәстүрлі діни құндылықтарды берік ұстануға шақырды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz