Қарқаралы аудандық «Құнанбай қажы» мешітінің имамы Мітератбек Орынбекұлы мешіт жастарына «Жат ағымның зардабы» тақырыбында насихат айтты.
Кездесу барысында имам жастарға жат діни ағымдардың белгілері мен олардың қоғамға, отбасыға және жеке адамның рухани өміріне тигізетін кері әсерлері туралы жан-жақты түсіндірді. Сондай-ақ дәстүрлі ислам құндылықтарын берік ұстанудың, діни білімді сенімді дереккөздерден алудың және күмәнді діни идеологиялардың ықпалына ермеудің маңыздылығына ерекше тоқталды.
Насихат барысында ата-бабамыз ұстанған дәстүрлі діни жолдың артықшылықтары айтылып, жастарға ел бірлігі мен қоғамдық тұрақтылықты сақтаудағы жауапкершіліктің мәні түсіндірілді. Сонымен қатар жастар діни мәселелерде ресми діни мамандардың кеңесіне жүгініп, ақпаратты тек сенімді көздерден алу қажеттігі жөнінде пайдалы мәліметтер алды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы