Қарағанды қалалық «АР-РАХМАН» мешітінде жамағатқа «Теріс ағым – орға жығады» тақырыбында түсіндірме-насихат жұмысы жүргізілді.
Насихат барысында теріс діни ағымдардың қоғамға, отбасы құндылықтарына және ұлт бірлігіне тигізетін зияны кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ ата-бабамыз ұстанған дәстүрлі діни жолдың маңыздылығы, діни білімді сенімді дереккөздерден алу және күмәнді ақпараттарға ермеу қажеттігі айтылды.
Кез келген мұсылман діни мәселелерде білімді, сақ әрі жауапты болуы керек. Себебі шынайы Ислам – татулыққа, мейірімге, сабыр мен бірлікке үндейтін дін. Ал теріс ағымдар адамдарды қоғамнан оқшаулап, алауыздыққа жетелеуі мүмкін.
Алла Тағала еліміздің тыныштығын, халқымыздың бірлігі мен ынтымағын баянды етіп, баршамызды тура жолдан айырмасын!
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы