Center Image
IHSAN.KZ
Халықаралық жастар күніне орай жастармен тағылымды кездесу өтті
Халықаралық жастар күніне орай жастармен тағылымды кездесу өтті

Халықаралық жастар күніне орай Бұқар жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінде жастарға арналған тағылымды кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында мешіт имамы Ерлан Мамайұлы жастарға «Жастар және отбасы» тақырыбында насихат айтып, отбасының қоғамдағы орны мен құндылығы жайында кеңінен тоқталды. Имам жастарды ата-ананы құрметтеуге, отбасы жауапкершілігін сезінуге, адалдық пен имандылықты өмірлік ұстаным етуге шақырды.

Сондай-ақ, ислам дініндегі отбасының маңызы, ер мен әйелдің өзара құқықтары мен міндеттері, ұрпақ тәрбиесі және берекелі отбасының қалыптасу жолдары жөнінде Құран аяттары мен Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистері негізінде түсіндірілді.

Кездесу соңында жастар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Мұндай рухани кездесулер жас буынның ұлттық және діни құндылықтарды бойына сіңіріп, саналы әрі жауапты азамат болып қалыптасуына оң ықпал ететіні атап өтілді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz