Халықаралық жастар күні аясында Қарағанды қалалық «Хазірет Әли» мешітінің наиб имамы Танат Тілманов «Жастар және отбасы» тақырыбында тағылымды уағыз айтып, отбасының әрбір адамның өміріндегі орны мен қоғамның тұрақтылығындағы рөліне тоқталды.
Сондай-ақ, шаңырақ көтеруге дайындық, жар таңдаудағы исламдық ұстанымдар, өзара құрмет пен жауапкершілік мәселелері кеңінен сөз болды.
Насихат барысында жастардың уақытты тиімді пайдаланып, білім мен тәрбиені қатар алып жүруі, ата-ананың ақ батасын қадірлеуі және ұлттық әрі діни құндылықтарды берік ұстануының маңыздылығы айтылды.
Кездесу соңында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, көкейлеріндегі сауалдарға жауап алып, рухани әсерге бөленді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы