Center Image
IHSAN.KZ
Қарағанды облысында XV Республикалық құран байқауының іріктеу сайысы өтті
Қарағанды облысында XV Республикалық құран байқауының іріктеу сайысы өтті
ҚМДБ-ның бастамасымен Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан XV республикалық Құран байқауына іріктеу сайысы өтті.

Жарыстың шымылдығын ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы алғы сөзбен ашып, Құранның қадір-қасиеті мен Құран жарысының маңызына тоқтала келе, Алланың мұғжиза ретінде түсірген кітабының мәртебесін түсіндірді.

Іріктеу сайысына 49 қатысушы төрт номинация бойынша, атап айтқанда Құранды толық оқу, 20 параны, 10 параны жатқа оқу және мәнерлеп оқу бойынша бақтарын сынады.

Үміткерлерге әділ бағасын беруге Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Бауыржан қажы Мейірбекұлы, Шымкент қалалық  «Halifa An-Nahayan Aqmeshiti» орталық мешітінің ұстазы
Мамедалиев Нұрсұлтан Орынбасарұлы, Теміртау қалалық «Жақып Ақбай» мешітінің наиб имамы Бақытжан қари Жораханұлы қазылық етті.

Жарыс соңында Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы Құран жарысына қатысқан қарилар мен шараны ұйымдастырушыларға және байқауды тамашалаған көрерменге өз алғысын жеткізді.

Сондай-ақ ХV Республикалық Құран жарысына жолдама алған жеңімпаз қариларға сәттілік тіледі.

ХVРеспубликалық Құран жарысының іріктеу сайысының жүлдегерлері төмендегідей  марапаттарға ие болды:

Құран Кәрімнің 30 парасын жатқа оқу  номинациясы бойынша:

I орын Волихан Мансурхан (500 000 тг);
ІІ орын Абай Шыңғысұлы (300 000 тг);
ІІІ орын Заманбек Бейсенбайұлы (200 000тг);

Құран Кәрімнің 20 парасын жатқа оқу номинациясы бойынша:

І орын Ахат Самғатұлы (300 000 тг);
ІІ орын Эминтаев Асадулло (200 000тг);
ІІІ орын Алғабас Ернар (150 000тг);

Құран Кәрімнің 10 парасын жатқа оқу номинациясы бойынша:

І орын Абдулазиз Абдулбасит (200 000тг);
ІІ орын Саламат Мұхитұлы (150 000 тг);
ІІІ орын Малғаждар Ибраһим (100 000тг);

Құран Кәрімді мәнерлеп оқу номинациясы бойынша:

І орын Әбілқасым Абдурахманұлы (150 000 тг);
ІІ орын Дәулет Ізетбекұлы (100 000 тг);
ІІІ орын Асылжан Шаһмерденұлы (50 000 тг).

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz