Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің ауласында жамағатқа қолайлы жағдай жасау мақсатында игі іс жүзеге асты.
Мешіт аумағына келушілердің тынығып, уақыттарын жайлы өткізуі үшін демалыс күркесі мен алты орындық арнайы уақып етілді. Жаңа демалыс орны мешітке келетін жамағатқа, сондай-ақ үлкендер мен жастарға арналған қолайлы орын болмақ.
Бұл игі бастама – мешіт аумағын көркейтіп қана қоймай, жамағатқа жайлы орта қалыптастыруға бағытталған сауапты іс.
Уақып жасау – қоғам игілігіне қызмет ететін сауапты амалдардың бірі. Осы қайырлы іске себепкер болған азаматтарға мешіт жамағаты атынан алғыс білдіреміз.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы