ҚМДБ-ның жылдық жоспары аясында Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде «Әһлі сүннә ұстанымы» тақырыбында ақида пәнінен танымдық семинар ұйымдастырылды.
Рухани-танымдық басқосуға Қарағанды облысына қарасты қала және аудан имамдары мен дін қызметкерлері қатысты.
Семинарды Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Бауыржан Мейірбекұлы ашып, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан рухани жобаларға тоқталды.
Сонымен қатар, діни қызметкерлердің білімін жетілдіру, дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттау және халыққа сапалы діни қызмет көрсету бағытындағы міндеттерді атап өтті.
Семинар барысында Шымкент қалалық Halifa An-Nahayan Aqmeshiti орталық мешітінің ұстазы Мамедалиев Нұрсұлтан Орынбасарұлы «Әһлі сүннә ұстанымы» тақырыбында дәріс оқып, әһлі сүннә уәл-жамағат ақидасының негіздері, діни ұстанымдағы бірізділік және бүгінгі қоғамдағы маңызы туралы жан-жақты түсіндіріп, қатысушылардың сауалдарына жауап берді.
Мұндай танымдық семинарлар дін қызметкерлерінің діни білімін жетілдіруге, тәжірибе алмасуына және дәстүрлі ислам құндылықтарын кеңінен насихаттауға өз үлесін қосады.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы