Жастар күніне орай «Төле би» мешітінде жастарға арналған тағылымды кездесу ұйымдастырылып, имандылық пен адамгершілік құндылықтары жайында насихат айтылды.
Мешіт наиб имамы Есмағанбетов Қуаныш жастардың қоғамдағы орны, олардың білімге, ізденіске және игі істерге ұмтылуының маңызын атап өтті.
Жастарды уақытты тиімді пайдалануға, ата-ананы құрметтеуге, үлкенге ізет, кішіге қамқорлық көрсетуге үндеді. Жастар – елдің ертеңі.
Сондықтан олардың бойына имандылық, білім, отансүйгіштік және жауапкершілік сынды асыл қасиеттерді сіңіру – баршаға ортақ міндет.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы