Осакаровка аудандық мешітінің ұстазы Ақбота Қайратқызының ұйымдастыруымен әйелдер мен қыз-келіншектер жамағаты арасында арт-сурет салудан шеберлік сыныбы өтті.
Шараның негізгі мақсаты – жамағат арасында рухани байланысты нығайту, шығармашылық қабілеттерді дамыту және әйелдер қауымының бос уақытын пайдалы әрі мазмұнды өткізуіне мүмкіндік жасау.
Шеберлік сыныбы барысында қатысушылар сурет салудың түрлі тәсілдерімен танысып, өз қолдарымен шығармашылық жұмыстар орындады. Әр қатысушы өз қиялын қағаз бетіне түсіріп, өнер арқылы жақсы көңіл күймен бөлісті.
Сонымен қатар шара барысында жамағатқа тағылымды уағыз-насихат айтылып, дастархан жайылды. Рухани әңгіме барысында отбасы құндылықтары, көркем мінез, ізгілік пен адамгершілік жайында ой қозғалды.
Кездесу соңында шәкірттер өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұстаздан тұшымды жауаптар алды. Жылы пікір алмасу мен рухани сұхбатқа ұласқан басқосу қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Осындай тағылымды әрі шығармашылық бағыттағы шаралар жамағаттың бірлігін арттырып, рухани дамуына оң ықпал етеді. Алдағы уақытта да мешіт жанынан әйелдер қауымына арналған мазмұнды кездесулер мен пайдалы іс-шаралар жалғасын таба бермек.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы