Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде Халықаралық жастар күніне орай жастарға арналған «Жастар және отбасы» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылды.
Семинар-тренингті Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің имамы Асылхан Нұртайұлы жүргізді.
Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында отбасы құндылықтарын кеңінен насихаттау, отбасылық жауапкершілікті түсіндіру және жастардың болашақ өміріне қажетті рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру.
Семинар барысында отбасының қоғамдағы орны, ерлі-зайыптылар арасындағы өзара сыйластық пен түсіністік, ата-анаға құрмет, бала тәрбиесі және жастардың отбасылық өмірге дайын болуы мәселелері кеңінен сөз болды.
Сонымен қатар отбасының берекесі мен бірлігін сақтауда сабыр, жауапкершілік, кешірімділік және өзара құрметтің маңызы түсіндірілді. Қатысушыларға отбасы құндылықтарын ислам діні тұрғысынан бағалау жөнінде тағылымды насихат айтылды.
Семинар-тренинг барысында жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Еркін форматта өткен кездесуде қатысушыларға отбасы құрудың жауапкершілігі мен жастардың қоғамдағы рөлі жөнінде пайдалы кеңестер берілді.
Мұндай рухани-ағартушылық кездесулер жастардың отбасылық құндылықтарды терең түсінуіне, жауапкершілігін арттыруына және қоғамдағы белсенділігін күшейтуіне бағытталған.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы