Бұқар жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітіне мешіт атауына арқау болған Жыржыс қажының Өзбекстанда тұратын ұрпақтары арнайы келіп, зиярат етті.
Қонақтарды Бұқар жырау ауданының имамы Ерлан Мамайұлы қарсы алып, мешіттің тыныс-тіршілігімен таныстырды.
Кездесу барысында Жыржыс қажының өмірі мен ел ішіндегі діни-ағартушылық қызметі, сондай-ақ оның ұрпақтарының тарихы жайында әңгіме өрбіді. Өзбекстаннан арнайы келген ағайын мешітке қатысты мәліметтермен танысып, бабаларының есімімен аталған құлшылық ордасында дұға жасады.
Тарихы тамырлас, рухани құндылығы ортақ ағайынның басын қосқан жүздесу өзара сыйластық пен бауырластықты нығайта түсті.
Қонақтар мешіт ұжымына ризашылықтарын білдіріп, игі тілектерін жеткізді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы