Center Image
IHSAN.KZ
«Әл-Ғаффар» мешітінің әйелдер жамағаты табиғат аясында рухани басқосу өткізді
«Әл-Ғаффар» мешітінің әйелдер жамағаты табиғат аясында рухани басқосу өткізді

Қарағанды қалалық «Әл-Ғаффар» мешітінің әйелдер жамағаты табиғат аясында рухани-танымдық бағыттағы тағылымды басқосуға жиналды.

Кездесудің негізгі мақсаты – жамағат арасындағы бірлікті нығайту, рухани құндылықтарды дәріптеу және күнделікті өмірде адамгершілік қасиеттерді берік ұстануға үндеу.

Шара барысында ұстаз Бақыт Амантайқызы «Ғайбаттың зияны» тақырыбында насихат айтып, ғайбат пен өсектің адамға және қоғамға тигізетін кері әсері туралы кеңінен түсіндірді.

Уағыз барысында өзге адамның сыртынан оның көңіліне тиетін сөз айту – үлкен күнәлардың бірі екені айтылып, мұндай әрекеттің адамдар арасындағы сыйластық пен бауырмалдыққа сызат түсіретіні түсіндірілді.

Сондай-ақ тіл тазалығын сақтау, орынсыз сөзден аулақ болу және әрбір айтылған сөзге жауапкершілікпен қараудың маңызына тоқталды. Қатысушыларға мұсылман баласының көркем мінезді болып, өзгенің абыройын қорғауға ұмтылуы қажеттігі жөнінде тағылымды ойлар айтылды.

Басқосу барысында жамағат табиғат аясында тынығып қана қоймай, өздерін толғандырған сауалдарға жауап алып, рухани азық жинады.

Осындай тағылымды кездесулер жамағат арасындағы ынтымақты арттырып, рухани тәрбие мен ізгілік құндылықтарын насихаттауға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы игі шаралар өз жалғасын табатын болады.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz