Бұқар жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінде жамағатқа уақыптың маңызы мен оның қоғамдағы орны түсіндірілді.
Жамағатпен өткен кездесуде мешіт имамы Ерлан Мамайұлы уақыптың ислам дініндегі маңызына тоқталып, оның сауапты әрі үздіксіз игілікке себеп болатын қайырымдылықтың бір түрі екенін айтты.
Имам уақып арқылы мешіттер мен діни-ағартушылық жұмыстарға, мұқтаж жандарға және қоғамға пайдалы игі бастамаларға қолдау көрсетуге болатынын түсіндірді. Сондай-ақ жамағатты қайырымдылық жасауға, ел игілігіне үлес қосуға және ізгі амалдарды тұрақты түрде жүзеге асыруға шақырды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы