Center Image
IHSAN.KZ
«BeneFood» ЖШС кәсіпорнында халал стандарттарының талаптары бойынша семинар өтті
«BeneFood» ЖШС кәсіпорнында халал стандарттарының талаптары бойынша семинар өтті

Қарағанды қаласында фаст-фуд өнімдерін өндірумен айналысатын «BeneFood» ЖШС кәсіпорнының қызметкерлеріне  ақпараттық-танымдық семинар ұйымдастырылды.

Кездесуді «Халал Даму» ЖШС-нің технолог маманы Әселхан Сабитқызы жүргізді. Семинар барысында кәсіпорын қызметкерлеріне халал өнімдерге қойылатын негізгі талаптар мен өндіріс барысындағы халал стандарттарын сақтау тәртібі кеңінен түсіндірілді.

Сонымен қатар халал өнімдерді өндіру мен тұтынудың маңызы, оның адам денсаулығына пайдасы, тағамның тазалығы мен қауіпсіздігі, сондай-ақ халал ұғымының асыл дініміздегі орны мен маңызы туралы жан-жақты ақпарат берілді.

Семинар барысында қатысушыларға халал талаптарының тек өнімнің құрамына ғана емес, оны өндіру, өңдеу, сақтау және тасымалдау үдерістеріне де қатысты екені түсіндірілді. Бұл ретте кәсіпорын қызметкерлерінің өндіріс кезінде шариғат талаптары мен белгіленген халал стандарттарын сақтауының маңыздылығы атап өтілді.

Жиын соңында қызметкерлер өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, маман тарапынан тұшымды жауаптар алды. Сондай-ақ өзара пікір алмасып, халал өндіріс талаптарына қатысты пайдалы ақпараттармен бөлісті.

Осындай семинарлар кәсіпорын қызметкерлерінің халал стандарттары жөніндегі білімін арттырып қана қоймай, тұтынушыларға сапалы әрі шариғат талаптарына сай өнім ұсынуға деген жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етеді.

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz