Center Image
IHSAN.KZ
Қазыбек би мешітінде Мәуліт оқылып, рухани басқосу өтті
Қазыбек би мешітінде Мәуліт оқылып, рухани басқосу өтті

Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде Мәуліт айының құрметіне орай «Ғаламның рахым нұры – Мұхаммед» атты рухани-танымдық кеш өтті.

Рухани басқосу барысында Пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ-ге деген сүйіспеншілікті арттыру, өнегелі өмір жолын насихаттау және мұсылман қауымын игі амалдарға үндейтін мазмұнды уағыздар айтылды.

Кеш аясында қазақ және араб тілдерінде Мәуліт оқылып, жамағат болып Пайғамбарымызға ﷺ салауаттар айтылды.

Жиында мешіт имамы Асулхан Нұртайұлы салауат айтудың артықшылығы мен Мәуліт оқудың маңызы жөнінде уағыз-насихат айтып, жамағатқа Пайғамбарымыздың ﷺ көркем мінезі мен өнегелі өмірінен тағылымды мысалдар келтірді.

Сондай-ақ басқосу барысында Мәуліт айының мән-маңызы, мұсылман баласының Алла Елшісіне ﷺ деген сүйіспеншілігін амал арқылы көрсетуі және оның сүннетін ұстанудың маңыздылығы сөз болды.

Рухани кешке мешіт жамағаты мен қала тұрғындары қатысып, жүректеріне имани азық алып, тағылымды басқосудың куәсі болды.

Осындай рухани шаралар мұсылман қауымының бірлігін нығайтып, жастарға Пайғамбарымыздың ﷺ өнегелі жолын насихаттауға және имандылық құндылықтарын дәріптеуге бағытталған.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz