Center Image
IHSAN.KZ
«Төлеутай ата» мешітінде Мәуліт айына орай сұрақ-жауап кеші өтті
«Төлеутай ата» мешітінде Мәуліт айына орай сұрақ-жауап кеші өтті

Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінде Мәуліт айының басталуына орай мешіт жамағаты арасында Пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ-нің өмір жолына қатысты сұрақ-жауап кеші ұйымдастырылды.

Рухани шараны мешіттің наиб имамы Дархан Түменбай жүргізді. Кездесу барысында жамағатқа Пайғамбарымыздың ﷺ өмірбаяны, өнегелі ғұмыры, көркем мінезі мен сүннетіне қатысты түрлі сұрақтар қойылып, қатысушылар өз білімдерін ортаға салды.

Сұрақ-жауап барысында жамағат белсенділік танытып, қойылған сұрақтарға жауап беруге атсалысты. Сонымен қатар қатысушылар Пайғамбарымыздың ﷺ өміріне қатысты өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, жауап алды.

Шара соңында Пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ-нің өмірбаянына арналған кітаптар жамағатқа сыйға тартылды.

Тағылымды кездесу жамағаттың діни білімін арттырып, Алла Елшісінің ﷺ өнегелі өмірін тереңірек танып-білуіне мүмкіндік берді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz