Халықаралық Жастар күніне орай Қарағанды облысы Абай аудандық мешітінде жастарға арналған «Жастар және отбасы» тақырыбында рухани-танымдық кездесу өтті.
Кездесу барысында жастарға имандылық пен адамгершілік құндылықтары, отбасының қоғамдағы орны және жанұялық жауапкершіліктің маңызы жөнінде уағыз-насихат айтылды.
Жиында жастардың рухани тәрбиесі, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, ата-ананы қадірлеу, отбасы мүшелеріне қамқорлық таныту сынды ізгі қасиеттердің маңыздылығы сөз болды.
Сонымен қатар жастарға білім алуға, уақытты тиімді пайдалануға, жақсы орта қалыптастырып, қоғамға пайдалы азамат болуға үндейтін насихаттар айтылды.
Рухани басқосудың негізгі мақсаты – жастардың имандылыққа деген қызығушылығын арттырып, ұлттық және діни құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ отбасылық жауапкершілікті түсіндіру.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы