Center Image
IHSAN.KZ
«Әл-Ғаффар» мешітінде «Намаздың адам өміріндегі орны мен маңызы» атты семинар өтті
«Әл-Ғаффар» мешітінде «Намаздың адам өміріндегі орны мен маңызы» атты семинар өтті

Қарағанды қалалық «Әл-Ғаффар» мешітінде әйелдер жамағатына рухани-ағартушылық бағытта «Намаздың адам өміріндегі орны мен маңызы» тақырыбында семинар өтті.

Рухани кездесудің басты мақсаты – қатысушыларға Ислам дінінің басты құлшылықтарының бірі саналатын намаздың адам өміріндегі маңызы мен рухани мәнін кеңінен түсіндіру, сондай-ақ имандылық, ізгілік және рухани тазалық құндылықтарын дәріптеу.

Семинар барысында мешіт ұстазы Бақыт Амантайқызы намаздың адам өміріндегі орнына тоқталып, оның тек құлшылық қана емес, адамның рухани дүниесін қалыптастырып, жүрекке тыныштық сыйлайтын маңызды ғибадат екенін атап өтті.

Кездесуде намаздың адамға берер рухани пайдасы, жан тыныштығы мен күнделікті өмірдегі тәртіпке ықпалы кеңінен сөз болды. Күнделікті күйбең тіршілік пен түрлі уайымнан арылып, Жаратушымен байланыс орнатудың маңызды жолдарының бірі – намаз екені түсіндірілді.

Сонымен қатар бес уақыт намаздың адамды уақытты бағалауға, күн тәртібін жүйелеуге және әр істі жауапкершілікпен атқаруға үйрететіні айтылды.

Бұдан бөлек, намаз алдындағы дәреттің дене тазалығын қамтамасыз етудегі маңызына тоқталып, құлшылықтың жүрек пен ойды тазартуға, адамды ізгілікке ұмтылуға тәрбиелейтіні түсіндірілді.

Семинар соңында қатысушылар тақырып аясында өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ұстаздан жауаптар алды. Жамағат рухани басқосудан тағылым алып, намаздың адам өміріндегі маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік алды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz