Center Image
IHSAN.KZ
Осакаровка аудандық мешітінде «Quzdar time» спорттық сайысы өтті
Осакаровка аудандық мешітінде «Quzdar time» спорттық сайысы өтті

Осакаровка аудандық мешітінің ұстазы Ақбота Қайратқызының ұйымдастыруымен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында қыз-келіншектер арасында «Quzdar time» атты спорттық және ұлттық ойындардан сайыс ұйымдастырылды.

Шараның негізгі мақсаты – қатысушыларды салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыру, спортқа деген қызығушылықты арттыру, ұлттық ойындарды дәріптеу және қыз-келіншектер арасында достық қарым-қатынасты нығайту.

Сайыс барысында қатысушылар түрлі спорттық жарыстар мен ұлттық ойындарға қатысып, өздерінің ептілігі мен шапшаңдығын, ұйымшылдығы мен белсенділігін көрсетті. Ұлттық ойындар арқылы халқымыздың салт-дәстүрі мен мәдени құндылықтарын насихаттауға да ерекше мән берілді.

Қатысушылар сайыс барысында жоғары белсенділік танытып, әр кезеңде ұйымшылдықпен өнер көрсетті. Спорттық бәсеке көтеріңкі көңіл-күйде өтіп, қатысушыларға жақсы әсер қалдырды.

Шара соңында белсенді қатысушылар атап өтіліп, жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табысталды.

Осындай игі шаралар қыз-келіншектердің бос уақытын тиімді өткізуіне, денсаулықты нығайтуына және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz