Center Image
IHSAN.KZ
Осакаровка мешітінде «Жастар және отбасы» тақырыбында насихат айтылды
Осакаровка мешітінде «Жастар және отбасы» тақырыбында насихат айтылды

Халықаралық Жастар күніне орай Осакаровка аудандық мешітінің имамы Құдайберген Серікұлы жастарға «Жастар және отбасы» тақырыбында насихат айтты.

Насихат барысында отбасының қоғамдағы орны, жанұялық құндылықтар, ата-анаға құрмет көрсету, ерлі-зайыптылар арасындағы өзара сыйластық пен жауапкершіліктің маңызы сөз болды.

Сонымен қатар жастарға отбасы құруға жауапкершілікпен қарау, имандылық пен адамгершілік қасиеттерді бойға сіңіру, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету жөнінде тағылымды кеңестер айтылды.

Имам Құдайберген Серікұлы жастардың ел болашағы екенін атап өтіп, олардың білімді, тәрбиелі, иманды әрі қоғамға пайдалы азамат болып қалыптасуының маңыздылығына тоқталды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz