Center Image
IHSAN.KZ
ЖАСТАР ЖӘНЕ ОТБАСЫ – ҰЛТТЫҢ БОЛАШАҒЫ
ЖАСТАР ЖӘНЕ ОТБАСЫ – ҰЛТТЫҢ БОЛАШАҒЫ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесін нығайту, отбасы құндылықтарын дәріптеу мақсатында «Жастар және отбасы – ұлттың болашағы» тақырыбында тағылымды кездесу өтті.

Іс-шара барысында қазіргі қоғамдағы жастардың орны мен жауапкершілігі, отбасының адам тәрбиесіндегі маңызы және ұлттық құндылықтарды ұрпақ санасына сіңіру мәселелері кеңінен қозғалды.

Кездесуде отбасы – адам өміріндегі ең маңызды тәрбие мектебі екені айтылып, балаға берілетін тәрбие ең алдымен ата-ананың өнегесі мен отбасындағы қарым-қатынастан басталатыны түсіндірілді. Ата-ананы құрметтеу, үлкенге ізет көрсету, кішіге қамқор болу, ерлі-зайыптылар арасындағы сыйластық пен өзара түсіністік – берекелі отбасының негізі екені насихатталды.

Сонымен қатар, жастарды уақытты тиімді пайдалануға, білім мен ізденіске ұмтылуға, қоғамға пайдалы азамат болуға, жат әдеттерден аулақ болып, имандылық пен адамгершілікті серік етуге шақырды.

Ұлттық болмыс пен рухани құндылықтың сақталуы – отбасы тәрбиесіне тікелей байланысты. Ал тәрбиелі, білімді әрі жауапты жастар – елдің ертеңгі тірегі.

Берік отбасы – тәрбиелі ұрпақтың негізі.
Тәрбиелі ұрпақ – ұлттың жарқын болашағы!

Алла Тағала отбасыларымызға береке мен ынтымақ, жастарымызға иман мен ізгілік, білім мен парасат нәсіп етсін!

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz