Center Image
IHSAN.KZ
«Дархан дала» жобасы аясында Боранбай би Қалқаманұлының бейітіне зиярат жасалды
«Дархан дала» жобасы аясында Боранбай би Қалқаманұлының бейітіне зиярат жасалды

Қарағанды қалалық «Әл-Ғаффар» мешітінің ұйымдастыруымен «Дархан дала» жобасы аясында қазақтың белгілі биі әрі батыры Боранбай би Қалқаманұлының бейітіне зиярат жасалып, баба рухына Құран бағыштады.

Зиярат барысында ел тарихында өзіндік орны бар Боранбай би Қалқаманұлының өнегелі өмірі мен ел бірлігін нығайту жолындағы еңбегі кеңінен еске алынды. Жамағат бабаның рухына тағзым етіп, дұға жасады.

Боранбай би Қалқаманұлы — XVIII ғасырда өмір сүрген, жоңғар басқыншылығына қарсы күреске қатысқан тарихи тұлға. Ел арасында оның әділдігімен, шешендігімен және елдік мәселелердегі көрегендігімен танылғаны айтылады.

Бабалар рухына тағзым ету — өткенді ұлықтап қана қоймай, өскелең ұрпаққа тарихи-рухани құндылықтарды дәріптеудің маңызды жолы. Мұндай игі шаралар ұлттық мұраны дәріптеп, кейінгі буынның ел тарихына деген құрметін арттыруға ықпал етеді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz