Center Image
IHSAN.KZ
Саран қалалық мешітінде Мәуліт кеші өтті
Саран қалалық мешітінде Мәуліт кеші өтті

Саран қалалық мешітінде ұстаз Әмина Алмасқызының ұйымдастыруымен Мәуліт кеші өтті.

Рухани кеш барысында мешіт шәкірттері ақ дастархан жайып, келген қонақтар мен жамағатқа ізгі ниеттерін білдірді.

Кешке арнайы қонақ ретінде Абай мешітінің ұстазы Көкебай Нуриза қатысып, тағылымды уағыз-насихат айтып, жүрекке жылу сыйлайтын өнегелі әңгімелерімен бөлісті.

Мәуліт кешінде Пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ-ның өмірі мен көркем мінезі, адамзатқа қалдырған өнегесі еске алынып, мәуліт оқылды. Шәкірттер мен жамағат арасында рухани тағылымға толы әсерлі жүздесу өтті.

Кеш соңында барша жамағаттың амандығы мен елдің тыныштығы үшін дұға жасалып, ізгі тілектер айтылды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz