Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Байқадам ауылдық «Ғыйзат қажы» мешітінің ұйымдастыруымен жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында футболдан спорттық ойын өткізілді.
Спорттық шараның негізгі мақсаты – жастарды дене шынықтыруға баулу, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Жарыс барысында жастар белсенділік танытып, өзара достық пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті. Спорттық ойын жастардың бір-бірімен жақын араласуына, ауызбіршілігі мен ынтымағын арттыруға ықпал етті.
Шара соңында қатысушыларға алғыс білдіріліп, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы айтылды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы