Center Image
IHSAN.KZ
«Төлеутай ата» мешітінде «Жастар және отбасы» семинар-тренингі өтті
«Төлеутай ата» мешітінде «Жастар және отбасы» семинар-тренингі өтті

Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінде Халықаралық Жастар күніне орай жастардың рухани-адамгершілік құндылықтарын арттыру, отбасылық жауапкершілікті насихаттау және жастар арасында берік отбасылық құндылықтарды қалыптастыру мақсатында «Жастар және отбасы» атты семинар-тренинг өтті.

Шара барысында мешіт имамы Рауан Төлеубекұлы жастарға отбасының қоғамдағы маңызы, ата-анаға құрмет, ерлі-зайыптылар арасындағы сыйластық пен жауапкершілік, сондай-ақ шаңырақтың берекесін сақтаудың маңызы жөнінде насихат айтты.

Семинар барысында жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, отбасы құндылықтары мен жастардың қоғамдағы рөліне қатысты ой-пікірлерімен бөлісті. Қатысушыларға отбасы құрудағы жауапкершілік пен өзара түсіністіктің маңызы түсіндірілді.

Шара соңында мешіт жастарына арнайы дастархан жайылып, қатысушыларға рухани тағылым мен жылы жүздесу сыйлады.

Жастардың рухани дамуына бағытталған мұндай кездесулер олардың ізгілікке, жауапкершілікке және ұлттық әрі отбасылық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеуге бағытталған.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz