Center Image
IHSAN.KZ
ҚАРАҒАНДЫДА КЕЗЕКТІ АУДИТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
ҚАРАҒАНДЫДА КЕЗЕКТІ АУДИТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Қарағанды қаласында «Халал Даму» мамандары тарапынан бірқатар кәсіпорындарда кезекті жоспарлы аудит жұмыстары жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларын«Халал Даму»-дың  технолог маманы Әселхан Сәбитқызы орындады. 

Аудит жұмыстарының мақсаты – кәсіпорындардың халал стандарттарына сәйкестігін бақылау, өндірістік үдерістердің талапқа сай жүргізілуін қамтамасыз ету және өнім сапасын арттыру.
Аудит барысында кәсіпорындардың өндірістік үдерістері, шикізат көздері және дайын өнімдердің халал талаптарына сәйкестігі жан-жақты қаралды. Сонымен қатар, санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуы мен технологиялық тәртіптің орындалуына ерекше назар аударылды.

Аудит жұмыстарына «Халал Даму» ұйымының Қарағанды облысы бойынша жауапты меңгерушісі Амангелді Дәулеткелдіұлы да арнайы қатысып, кәсіпорын өкілдерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорындарға халал стандарттарын жетілдіруге бағытталған тиісті ұсыныстар беріліп, талаптарды тұрақты сақтау мәселелері бойынша әдістемелік түсіндірмелер ұсынылды.

Айта кетейік, жоспарлы аудит аясында келесі кәсіпорындар тексерілді: 

  • “Bene Food” – фаст-фуд өнімдері;
  • “Asyl Sushi Karagandy” – фаст-фуд өнімдері;
  • “Asyl Sushi Abai” – фаст-фуд өнімдері;
  • “Asyl Sushi Shahtinsk” – фаст-фуд өнімдері;
  • “Saran Food” – фаст-фуд өнімдері;
  • “Durum” – фаст-фуд өнімдері;
  • “Huni Brunch” – Гоголь көшесіндегі қоғамдық тамақтану орны;
  • “Like Park” – қоғамдық тамақтану орны;
  • “Bauyrdaq” – қоғамдық тамақтану орны;
  • “Doner Club” – фаст-фуд өнімдері.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz