Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінде «Жастар ісі» секторы және Келдібек Қуатбекұлының ұйымдастыруымен мешіт жастарына арналған «Жастар және салауатты өмір салты» атты тағылымды шара өтті.
Шара барысында жастар садақ атып, мергендік қабілеттерін шыңдап, ептілік пен дәлдіктерін сынады. Ұлттық спорт түрлерін дәріптеген бұл белсенділік жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне және салауатты өмір салтын қалыптастыруына ықпал етті.
Сонымен қатар жастарға денсаулықты күту, зиянды әдеттерден аулақ болу, уақытты тиімді пайдалану және салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы жөнінде пайдалы насихат айтылды.
Тағылымды шара жастардың рухани әрі дене тәрбиесін қатар дамытуға, имандылық пен салауатты өмір салтын берік ұстануға бағытталды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы