Абай аудандық мешітінің ұйымдастыруымен жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында футболдан спорттық сайыс өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастарды салауатты өмір салтын ұстануға баулу, спортпен тұрақты айналысуға ынталандыру, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру және жастар арасындағы бауырмалдық пен өзара ынтымақтастықты нығайту.
Сайыс барысында мешіт жастары өзара командаларға бөлініп, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Қатысушылар спорттық шеберліктерін шыңдап қана қоймай, командалық бірлік, ұйымшылдық пен өзара қолдаудың маңызын сезінді.
Футбол ойыны жастардың белсенділігін арттырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға жақсы мүмкіндік берді. Сонымен қатар мұндай спорттық шаралар жастардың бір-бірімен жақынырақ танысып, достық қарым-қатынастарын нығайтуына ықпал етеді.
Жарыс соңында белсенділік танытқан жастарға алғыс айтылып, спорт пен денсаулықтың адам өміріндегі маңызы тағы бір мәрте атап өтілді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы