Қарағанды облысының Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен әйелдер жамағаты арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында волейболдан спорттық сайыс өтті.
Жарысқа өңірдегі әйелдер жамағатынан құралған командалар қатысып, өзара бақ сынады. Сайыс нәтижесінде Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің командасы жүлделі ІІ орынға ие болды.
Спорттық шараның басты мақсаты – әйел-қыздар жамағатының ауызбіршілігін арттыру, өзара ынтымақтастығын нығайту және салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.
Жарыс барысында қатысушылар белсенділік танытып, ұйымшылдық пен шынайы спорттық бәсекенің үлгісін көрсетті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы