Center Image
IHSAN.KZ
«Төлеутай ата» мешітінде Брайль жүйесі бойынша Құран дәрістері жалғасуда
«Төлеутай ата» мешітінде Брайль жүйесі бойынша Құран дәрістері жалғасуда

Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінде көру қабілеті төмен жандарға арналған Брайль жүйесі бойынша Құран оқуды үйрету дәрістері жалғасуда.

Дәрісті мешіттің наиб имамы Дархан Түменбай жүргізуде. Сабақ барысында шәкірттерге Брайль қарпі арқылы Құран әріптерін танып, аяттарды дұрыс оқудың әдістері үйретіледі. Сонымен қатар дәріс барысында Құран аяттарының мағынасы түсіндіріліп, діни сауатты арттыруға ерекше көңіл бөлінеді. 

Бұл игі бастама мүмкіндігі шектеулі жандардың Құран үйренуіне қолайлы жағдай жасап, олардың рухани білім алуына жол ашып отыр.

Брайль жүйесі бойынша ұйымдастырылып отырған дәрістердің жүйелі түрде өтуі – мешіттің жамағатқа, соның ішінде ерекше қажеттілігі бар жандарға діни білім беруге бағытталған маңызды жұмыстарының бірі.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz