Center Image
IHSAN.KZ
ҚАРАҒАНДЫЛЫҚ ЖАС МАМАНДАРҒА ҚЫЗМЕТТІК ЖОЛДАМА ТАБЫСТАЛДЫ
ҚАРАҒАНДЫЛЫҚ ЖАС МАМАНДАРҒА ҚЫЗМЕТТІК ЖОЛДАМА ТАБЫСТАЛДЫ

Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Жас маман, ауылға қадам бас, маман!» атты шараға Қарағанды облысынан сегіз жас маман қатысып, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіреттің қызметтік жолдамасын алды.

Жиынға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚМДБ орталық аппаратының қызметкерлері, сондай-ақ 2025–2026 оқу жылында діни оқу орындарын тәмамдап, діни қызметке бөлінген түлектер қатысты. Облыстардың Бас имамдары мен ҚМДБ бағыттарына жауапты мамандар шараға онлайн форматта қосылды.

Жиын барысында қатысушыларға ҚМДБ қызметінің негізгі бағыттары таныстырылып, арнайы бейнеролик көрсетілді.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы өз баяндамасында жас мамандардың діни қызметтегі жауапкершілігіне тоқталып, діни білімдерін халыққа қызмет ету жолында тиімді пайдаланудың маңызын атап өтті.

Сонымен қатар жас мамандарға ауылдық жерлердегі діни-ағартушылық жұмыстарды жандандыру, жамағатпен тығыз байланыс орнату, ел бірлігі мен рухани құндылықтарды нығайту бағытында белсенді қызмет атқару жөнінде міндеттер жүктеді.

Шара соңында Бас мүфти жас мамандарға ақ батасын беріп, қызметтеріне сәттілік тіледі. Жиын естелік суретке түсумен қорытындыланды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz