Center Image
IHSAN.KZ
Абай аудандық мешітінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
Абай аудандық мешітінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті

Абай аудандық орталық мешіті жаңа оқу жылы қарсаңында әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға қолдау көрсету мақсатында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында 53 баланы мектепке дайындады.

Игі шара барысында әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың және жалғызбасты аналардың балаларына мектепке қажетті оқу құралдарымен жабдықталған 53 сөмке табысталды.

Қайырымдылық шарасының басты мақсаты – жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде көмекке мұқтаж отбасыларға қолдау көрсетіп, балалардың сапалы білім алуына қажетті жағдай жасау.

Шара барысында мешіт өкілдері ізгілік пен қайырымдылықтың маңызына тоқталып, жас ұрпаққа қамқорлық танытудың сауапты іс екенін атап өтті. Балаларға оқу құралдары салынған сөмкелер табысталып, жаңа оқу жылына сәттілік тілектер айтылды.

Аталған игі бастамаға қолдау білдіріп, қайырымдылық акциясына атсалысқан жомарт жандарға ұйымдастырушылар өз ризашылықтарын білдірді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz