Center Image
IHSAN.KZ
«Қазыбек би» мешітінде он отбасыға зекет үлестірілді
«Қазыбек би» мешітінде он отбасыға зекет үлестірілді

Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде  бір жылдық табысынан зекет шығарған азамат өзінің зекетін әлеуметтік көмекке мұқтаж он отбасыға қаржылай үлестірді. 

Шара барысында мешіт имамы Асылхан Нұртайұлы игі іске ұйытқы болған азаматқа алғысын білдіріп, жасаған қайырымдылығының қабыл болуын тіледі.

Зекет — мұсылманның әлеуметтік жауапкершілігін арттырып, қоғамдағы өзара жәрдем мен жанашырлықты нығайтуға ықпал ететін маңызды құлшылық. Мұндай игі бастамалар мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, қайырымдылық мәдениетін қалыптастыруға өз үлесін қосады.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz