Center Image
IHSAN.KZ
«Бала қажы» мешітінде әйелдер жамағатына арналған Мәуліт кеші өтті
«Бала қажы» мешітінде әйелдер жамағатына арналған Мәуліт кеші өтті

Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде Мәуліт айының құрметіне орай әйелдер жамағатына арналған тағылымды әрі рухани кеш ұйымдастырылды.

Іс-шара мешіт имамы Нұров Махмұд қажы Нұрұлының ұйымдастыруымен өтті. Кеш барысында әйелдер жамағатына арнайы дастархан жайылып, рухани насихат айтылды.

Мешіт ұстазы Бақыткүл Айтқалиқызы Пайғамбарлар төресі, адамзаттың ардақтысы Мұхаммед ﷺ-ның өнегелі өмірі, көркем мінезі, адамгершілік қасиеттері мен үмбетіне қалдырған өсиеттері жайында тағылымды уағыз-насихат айтты.

Ұстаз өз сөзінде Алла елшісінің ﷺ сабырлылығы, мейірімділігі, кешірімділігі мен көркем мінезінен үлгі алудың маңызына тоқталып, Пайғамбарымыздың ﷺ сүннетін өмірде ұстануға шақырды.

Мәуліт – ардақты Пайғамбарымыздың ﷺ өнегелі өмірін еске алып, оның көркем мінезі мен сүннетін насихаттайтын рухани мәні зор басқосу. Осындай тағылымды кездесулер жамағаттың діни білімін арттырып, өзара бірлік пен бауырмалдықты нығайтуға ықпал етеді.

Кеш соңында жамағатқа ізгі тілектер айтылып, берекелі дастархан басында жылы жүздесу өтті.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz