Center Image
IHSAN.KZ
«Бала қажы» мешітінде жастарға арналған Мәуліт кеші өтті
«Бала қажы» мешітінде жастарға арналған Мәуліт кеші өтті

Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде Мәуліт айының құрметіне орай жастар жамағатына арналған тағылымды әрі рухани кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шара мешіт имамы Нұров Махмұд қажы Нұрұлының ұйымдастыруымен өтіп, арнайы мешіттің жас шәкірттері шақырылды. Кездесу барысында жастарға рухани дәріс оқылып, Мәуліт айының мәні мен маңызы кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ жамағатқа арнайы дастархан жайылды.

Мешіт ұстазы Фархад Нұрланұлы адамзаттың ардақтысы, пайғамбарлардың соңғысы Мұхаммед ﷺ-ның өнегелі өмірі, көркем мінезі және адамзатқа қалдырған өсиеттері жайында тағылымды уағыз-насихат айтты.

Дәріс барысында Пайғамбарымыздың ﷺ жастарға деген қамқорлығы мен үмбетіне қалдырған өнегесі сөз болып, оның сүннетін ұстанудың маңызы түсіндірілді. Сонымен қатар жастарды ізгілікке, білімге ұмтылуға, үлкенді құрметтеп, кішіге ізет көрсетуге шақырды.

Мәуліт айы – ардақты Пайғамбарымыздың ﷺ өнегелі өмірін еске алып, оның көркем мінезі мен сүннетін насихаттауға мүмкіндік беретін тағылымды кезең. Осындай рухани кездесулер жас жамағаттың діни білімін арттырып, олардың мешітпен байланысын нығайтуға, өзара бірлік пен бауырмалдықты күшейтуге ықпал етеді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz