Қарағанды қалалық «Міржақып Дулатұлы» мешітінде іс-тәжірибеден өткен Павлодар қаласындағы «Әбу Бәкір Сыддық» медресе-колледжінің шәкірті Бекарыс Азаматұлына құрмет көрсетілді.
Іс-шара барысында мешіт имамы Мирас Ерланұлы шәкіртке мешітте өткізген тәжірибесі мен атқарған еңбегіне ризашылығын білдіріп, 100 000 теңге көлеміндегі қаржылай сертификатты табыстады.
Үш айлық іс-тәжірибе барысында Бекарыс Азаматұлы мешіттің күнделікті жұмысына қатысып, діни қызметтің қыр-сырымен танысып, жамағатпен жұмыс жүргізу және имамдық қызметке қатысты тәжірибесін жетілдірді.
Мұндай іс-тәжірибе шәкірттердің теориялық білімін іс жүзінде шыңдап, болашақ діни маман ретінде кәсіби дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы