Қарағанды қалалық «Хазрет Али» мешітінде жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылықты арттыру және жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында қол күресінен сайыс ұйымдастырылды.
Спорттық шараға мешіт жастары белсенді қатысып, өзара бақ сынасты. Қатысушылар күш-жігері мен шеберліктерін көрсетіп, тартысты бәсекеде спорттық мәдениет пен өзара сыйластықты сақтай білді.
Сайыс барысында жастарды денсаулықты күтуге, спортпен тұрақты айналысуға және уақытты пайдалы өткізуге шақырған насихат айтылды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы