Center Image
IHSAN.KZ
«Әл-Ғаффар» мешітінде әйел-қыздар арасында Құран жарысы өтті
«Әл-Ғаффар» мешітінде әйел-қыздар арасында Құран жарысы өтті

Қарағанды қалалық «Әл-Ғаффар» мешітінде әйел-қыздар мен аналар арасында қасиетті Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан рухани сайыс өтті.

Ізгілікке баулып, Құран ілімін кеңінен насихаттауды мақсат еткен шараға мешіт жамағаты белсене қатысып, өзара білім-біліктерін сынады.

Сайыс бірнеше бағыт бойынша ұйымдастырылды. Атап айтқанда, қатысушылар Фәжр және Нәс сүрелерін жатқа оқу, сондай-ақ аяттарды дұрыс дыбыстау, тәжуид ережелерін сақтау, махражды дұрыс айту және әуезді мақаммен оқу талаптары бойынша бақ сынады.

Сайыс барысында қатысушылар Құранды жатқа білу шеберліктері мен көркем оқу қабілеттерін көрсетті.

Рухани сайысты мешіт ұстазы Бақыт Амантайқызы ұйымдастырып, қазылар алқасының құрамында Гүлнұр Қаныбекқызы және Амина Алмасқызы қатысушылардың оқу мәнері мен дайындығын бағалады.

Шара соңында үздік нәтиже көрсеткен жеңімпаздар арнайы Алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Құранға деген сүйіспеншілікті арттырып, әйел-қыздардың діни сауатын жетілдіруге бағытталған мұндай рухани шаралар жамағат арасындағы ауызбіршілікті нығайтып, ізгілік пен имандылық құндылықтарын дәріптеуге ықпал етеді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz