Қарағанды қалалық «Әл-Ғаффар» мешітінде әйел-қыздар жамағаты арасында қазақтың ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге арналған тағылымды шара өтті. Басқосу барысында кішкентай Аминаның тұсаукесер рәсімі ұйымдастырылды.
Ұлттық құндылық пен рухани тәрбиені ұштастырған қуанышты шараға мешіт жамағаты мен бүлдіршіннің жақындары қатысты.
Қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрі бойынша бүлдіршіннің аяғына ала жіп байланып, оның қадамы нық, өмір жолы ашық әрі жарқын болсын деген ізгі тілектер айтылды.
Аминаның тұсауын мешіт ұстазы Бақыт Амантайқызы кесіп, бүлдіршінге ақжолтай тілегін жеткізді. Тұсау кесу рәсімінен кейін жамағат шашу шашып, ақ батасын берді.
Шара барысында ұлттық салт-дәстүрдің тәрбиелік мәніне тоқталып, ата-бабадан аманат болып жеткен осындай құндылықтарды кейінгі ұрпаққа насихаттаудың маңыздылығы айтылды.
Жамағат кішкентай Аминаның қадамы құтты, ғұмыры ұзақ, өмір жолы иманды әрі берекелі болуын тілеп, елге сыйлы, тәрбиелі азаматша болып өсуіне ақжолтай батасын берді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы